Сенат бюросының отырысында парламент мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттері арасында бөлініп берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат бюросының отырысында парламент мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттері арасында бөлініп берілді

Сенат бюросының отырысында парламент мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттері арасында бөлініп берілді

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған сенат бюросының отырысында парламент мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттері арасында бөлініп берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Желтоқсан 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартты ратификациялау туралы» және «Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне зерделеуге берілді.

Бюро отырысында сондай-ақ 4 желтоқсанда болатын палатаның кезекті жалпы отырысының күн тәртібін қалыптастыру туралы комитеттердің ұсыныстарын қарады.

Депутаттар талқысына «Парижде халықаралық эпизоотиялық бюроны құру туралы халықаралық келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылады.

Сенаторлар «Әлеуметтік қызметтер туралы», «Тауар биржалары туралы», «Бәсекелестік туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да талқылайды.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және әлеуметтік ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да талқылайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар