«Мерзімді әскери борышын өтеуші әскерилердің жалпыәскери тәуліктік азық құнын кем дегенде 500 теңгеге арттыру қажет, ал қазір оның құны 377 теңгені құрайды»,- деді сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Ахан Бижанов.
«Біз үкіметпен бірлесіп бұл мәселені 2008-жылға арналған бюджетті қарау кезінде пысықтауға тиіспіз»,- деді ол.
Сонымен бірге сенаторлар Ауғанстан мен басқа да шиеленіс ошақтарында қызмет еткен ардагерлердің мәртебесін заң жүзінде айқындау қажеттігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті