Сенат депутаттары ЕҚЫҰ сарапшыларымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттары ЕҚЫҰ сарапшыларымен кездесті

Сенат депутаттары ЕҚЫҰ сарапшыларымен кездесті

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары ЕҚЫҰ сарапшыларымен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Қазан 2008
  • 534
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін парламент сенатында Ермек Жұмабаев бастаған заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің мүшелері ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқы бюросының қылмыстық құқық және қылмыстық үдерістер жөніндегі сарапшысы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті заң факультеті қылмыстық үдерістер, әділет және прокурорлық қадағалау кафедрасының профессоры Леонид Головкомен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқы бюросының Орталық Азиядағы құқық үстемдігі мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Дмитрий Нурумовпен кездесті.

Кездесу мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел іздеу қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылау болды.

Кездесу барысында қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін бірқатар өзгерістер, осы заң жобалары ережелеріндегі ерекше өзгерістер туралы жан-жақты пікір алмасылды. Атап айтқанда, Л.Головко келешек заңдардың үкіметтік нұсқаларына өздері әзірлеген қорытындыны кездесуге қатысушыларға таныстыра отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу олардың жетілдіру сатысы болатынын атап өтті. «Заң жобасын әзірлеушілер ескертулерді және заң жобаларының жаңа нұсқаларын әзірлеу барысында басқа елдердің тәжірибесін ескергені қанағаттандырады»,- деп атап өтті сарапшы.

Өз кезегінде сенат комитетінің төрағасы Ермек Жұмабаев қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын және пікір алмасудың пайдалылығын атап өтті. Оған қоса ол заң жобаларымен жұмыс негізінде олардың бірі қазір Сенатқа ұсынылғанын, ал екіншісі парламенттің төменгі палатасында талқылау сатысында екенін айтты. Онда қылмыспен күрес қажеттігі мен азаматтардың жеке құқы мен бостандығын құрметтеу арасындағы теңдікке қол жеткізу қағидасы мазмұндалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар