Сенат депутаттары Израиль елінің делегациясымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттары Израиль елінің делегациясымен кездесті

Сенат депутаттары Израиль елінің делегациясымен кездесті

Бүгін Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің өкілдері Израиль мемлекетінен келген делегациямен кездесті.

  • 2 Маусым 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

Жүздесу барысында екі ел арасында ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде аграрлық мәселелер мен ауыл шаруашылығын дамыту шаралары жөнінде келелі әңгіме қозғалды. Кездесуде еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуы жөнінде сөз қозғаған сенатор Болат Жылқышиевтің айтуынша, Қазақстанда аграрлық сала жақсы дамыған. «Әсіресе, еліміз астық өндіру жағынан әлемдегі алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Астық осы уақытта тіпті мемлекеттегі экспортқа шығаратын тауарлардың біріне айналып отыр. Осыған қарай астықты экспорттау мәселесі елде қызу талқыланып, астық терминалдары салынуда. Қазақстан сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға, соның ішінде асыл тұқымды мал санын көбейтуге күш салып отырған ел. Мемлекет басшысы бұл бағытта еліміздің алдына Қазақстан әлемдегі ет экспорттаушы ірі елдердің біріне айналуы керек деген міндет қойып отыр. 2015 жылы еліміз 60 мың тонна ет экспорттауды көздеп отыр. Етті сатып алушылар негізінен өзіміздің көршілес елдер, нақтырақ айтқанда Ресей елі. Бұл міндеттерді жүзеге асыруға мемлекетіміздің қауқары жеткілікті»,-деді сенатор.

Оның сөзіне қарағанда, еліміз тиісті бағдарлама бойынша 2020 жылы 180 мың тонна ет экспорттайды. Бұл мәселеге байланысты бағдарлама осы уақытта іске қосылды. Елде мал бордақылау орындары көптеп салынуда. Әзірге ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанда туындап отырған бір мәселе еліміз жеміс-жидекті шеттен тасымалдайды. «Осы ретте біздің алдымызға жеміс-жидек пен көкөністі де елде өндіру міндеті қойылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әсіресе оңтүстік өңірде қарқынды жүріп жатыр. Елде жылыжайлар қызметі жандандырылуда»,-деді Б.Жылқышиев.

Өз кезегінде Израиль елінің Қазақстандағы елшісі Исраэль Мей Ами өздерінің Қазақстанда әсіресе ауыл шаруашылығы саласында не болып жатқанын жіті бақылап отырғандықтарын жеткізді. «Ауыл шаруашылығы саласы Израиль үшін өте маңызды салалардың бірі. Өйткені бізде бұл сала бойынша жақсы тәжірибе қалыптасқан. Осы тәжірибемен біз қазақстандықтармен де бөліссек деген ойдамыз. Өйткені қазақ елін біз достас мемлекет деп санаймыз», -деді Израиль елшісі.

Кездесуде тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қатысты тәжірибелері жөнінде және оны Қазақстанда қолдану бағытында да өзара пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар