Жарлыққа сәйкес, үкімет пен облыс әкімдеріне алдағы сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыда қамтамасыз етуге шаралар қолдануға тапсырма берілді.
ҚР Ата заңына сәйкес, сенат әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен Қазақстан Елордасының әрқайсысынан екі адамнан сайланған депутаттардан құралады. Сенат депутаттарының сайлауы тиісінше облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Елордасындағы барлық өкілеттілік органдары депутаттарының бірлескен отырысында құпия дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі 6 жылға тең. Сайланбалы депутаттардың тең жартысы әрбір үш жыл сайын қайтадан сайланады. Бұл ретте кезекті сайлау депутаттардың өкілеттілік мерзімі аяқталуға екі айдан кем емес уақыт қалғанда өткізілуге тиіс.
ҚР парламенті сенатының бұған дейінгі сайлауы 2002-жылдың 8-қазанында өтті.