Сенат депутаттығына 10 күнде 27 үміткер ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттығына 10 күнде 27 үміткер ұсынылды

Сенат депутаттығына 10 күнде 27 үміткер ұсынылды

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 10 күн ішінде Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаттығына 27 үміткер ұсынылды. Бұл туралы ҚР ОСК бүгінгі кезекті отырыстың алдында таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Орталық сайлау комиссияының мәліметінше, 12 тамыздағы жағдаймен Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаттығына 27 үміткердің аты ұсынылды. Соның ішінде Ақтөбе облысынан 4 адам, Атырау облысынан — 4, Қарағанды облысынан — 6, Солтүстік Қазақстан облысынан — 1 , Шығыс Қазақстан облысынан — 2, Оңтүстік Қазақстан облысынан — 5, Алматы қаласынан — 5 адамның аты ұсынылды», -деп хабарлайды ОСК.

Үміткерлердің бесеуін- мәслихаттар ұсынса, 22 адам өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Үміткерлердің арасында бір әйел бар, 27 үміткердің үшеуі — қазіргі сенат депутаттары.

Үміткерлердің арасынан 8 адам — «Нұр Отан» партиясының мүшелері, 11 -і партияда жоқ, 8 адам өздерінің партияға қарастылығын көрсетпеген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үміткерлердің атын ұсыну 3 қыркүйеккке дейін созылады. Парламент сенатының депутаттары 4 қазанда сайланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар