Сенат депутаттығына Ақмола облысынан кандидаттарды тіркеу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттығына Ақмола облысынан кандидаттарды тіркеу аяқталды

Сенат депутаттығына Ақмола облысынан кандидаттарды тіркеу аяқталды

Сенаттағы Ақмола облысы өкілінің бос қалған орнына депутат сайлаудың күнтізбелік жоспары бойынша кандидаттарды тіркеу аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, тіркеу процедурасынан бір ғана үміткер- 1948-жылы туған Светлана Жалмағамбетова өтті.

  • 4 Тамыз 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Светлана Жалмағамбетова Ақмола облысы Ерейментау және Шортанды аудандық мәслихаттарынан кандидат ретінде ұсынылған болатын. Оның кандидатурасы 2003-жылдың 16-шілдесінде тіркелді.

Ал сенат сайлауына дербес кандидат ретінде атын ұсынған Айсұлу Бұжбанова облыстық сайлау комиссиясына өзін қолдаушылардың тізімін жібермеуге байланысты тіркеу процедурасынан өтпеді.
Қазіргі таңда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталып отыр. Үгіт-насихат жұмыстары сайлаудан бір күн бұрын жергілікті уақытпен 0 сағатта аяқталады. Ал сенатқа депутат сайлау мерзімі 2003-жылдың 23-тамызына белгіленген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың қазан айында Ақмола облысынан сенаторлыққа сайланған Марат Қойшыбаев депутаттық мандатынан айрылып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар