Сенат депутаттығына Ақтөбе облысының атынан үш кандидат тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттығына Ақтөбе облысының атынан үш кандидат тіркелді

Сенат депутаттығына Ақтөбе облысының атынан үш кандидат тіркелді

Облыстық сайлау комиссиясы Ақтөбе облысының атынан Сенат депутаттығына үміткер үш кандидатты тіркеді.

  • 29 Маусым 2011
  • 389
Фото - Caravan.kz

Сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Күнбаеваның айтуынша, кандидаттарды ұсыну процесі 14 маусымда басталды және ол 19 шілдеде аяқталады.

Облыс бойынша төрт кандидаттан өтініш түсіп отыр. Олардың үшеуі — өзін өзі ұсынғандар. Олар — «Ақтөбеарнайықұрылыс» ЖШС-нің директоры Дмитрий Сербин (40 жаста), «Ақбұлақ» АҚ-ның президенті Асан Ыбраев (51 жаста), «Юкон» ЖШС-нің директоры Алексей Самойленко (50 жаста). Сондай-ақ Әйтеке би және Ойыл аудандары мәслихаттарының депутаттары облыстық еңбек басқармасының басшысы 50 жастағы Серік Ұрынбаевтың кандидатурасын ұсынып отыр.

Д.Сербиннен басқа кандидаттардың бәрі — «Нұр Отанның» мүшелері.

Керек барлық құжаттарды жинап, қажетті сайлау жарнасын төлеген Асан Ыбраев, Александр Самойленко және Серик Ұрынбаев облыстық сайлау комиссиясының 24 және 27 маусымдағы хаттамаларымен Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелді. Үгіт-насихат шараларын олар 29 шілдеден кейін, кандидаттарды тіркеу аяқталғаннан соң бастайды.

Соңғы жаңалықтар