Сенат депутаттығына бес адам өз кандидатураларын ұсынды - Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан облысының атынан бес адам Сенат депутаттығына өз кандидатураларын ұсынды. Әзірге екі үміткер - Талғатбай Селиханов пен Дүйсембай Селиханов облыстық сайлау комиссиясында тіркеуден өтіп, кандидаттар мәртебесін алды. |
Сенатор 63 жастағы Талғатбек Абайділдин «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылып отыр. 59 жастағы Дүйсембай Селиханов - өзін өзі ұсынды, «Нұр Отанның» мүшесі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
Қалған кандидаттар қажетті құжаттар жинап жатыр. Олар: 63 жастағы Төлеубек Әміржанов, «Ақ жол» партиясының мүшесі. Мемлекеттік төлем орталығының директоры. 68 жастағы Владимир Лопаткин - Қазақстанның Патриоттар партиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Бесінші кандидат - Бағдат Есдәулетов, «Руханият» партиясының мүшесі. Достық үйі директорының орынбасары.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін