Сенат депутаттығына кандидаттың әрқайсысына мемлекеттік бюджеттен шығындарға деп Т477 мың бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттығына кандидаттың әрқайсысына мемлекеттік бюджеттен шығындарға деп Т477 мың бөлінеді

Сенат депутаттығына кандидаттың әрқайсысына мемлекеттік бюджеттен шығындарға деп Т477 мың бөлінеді

Сенат депутаттығына кандидаттың әрқайсысына республикалық бюджеттен Т477 мың бөлінеді, деп мәлім етті орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

  • 7 Шiлде 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Парламент сенатының депутаттығына кандидаттың әрқайсысына сайлау алды үгіт-насихат шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен 477 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді», — деді ол бейсенбі күні ОСК отырысында.

Сонымен қатар, В.Фоос 2008 жылы парламенттің жоғарғы палатасына сайлауда республикалық бюджеттен Т250 мың 145 бөлінгенін еске салды.

Оның айтуынша, кандидаттар бюджет қаржысын теледидардан сөз сөйлеуге (Т105 мың – ҚазТАГ), өзінің бағдарламасымен радиодан сөз сөйлеуге (Т62 мың – ҚазТАГ), баспасөзде 2 мақаланы жариялауға (Т135 мың — ҚазТАГ), сайлаушылармен кездесу үшін ғимарат жалдауға (Т25 мың – ҚазТАГ), баспа үгіт материалдарын басып шығаруға (Т50 мың – ҚазТАГ) және көлік шығындарына (Т100 мың – ҚазТАГ) жұмсауға тиіс.

Сәйкес қаулының ОСК-ның барлық мүшелері бірауыздан қабылдады.

«Кандидаттардың үгіт жұмыстары жүргізілетін аймақтардағы БАҚ, баспаханалар мен көлік қызметтерінің құны боуынша есептеу жүргізілді», — деп атап көрсетті ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Бұрын хабарланғандай, сенат депутаттығына үміткерлердің жалпы саны 87 адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар