Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сайлау науқандарында әйелдердің саяси белсенділігі артқан.
Ұсыныллған үміткерлердің ішінде 19 әйел бар (2017 жылы — 13, 2014 жылы — 5, 2011 жылы — 6). Үміткерлердің орташа жасы 51,1 жасты құрайды (2017 жылы – 51,9, 2014 жылы – 54,1; 2011 жылы – 53,3). Ең жас үміткер 30 жаста болса, ең үлкені 69 жаста. Мамандықтар бойынша айтсам, 29 – инженер, 20 – экономист, 12 – педагог, 10 – заңгер, 10 – аграрлық сала қызметкері, 7 – дәрігер, 3 — журналист, 1 — саясаттанушы және 1 басқа мамандық иесі бар, — дейді Берік Имашев.
Сенатқа қазіргі сайлау барысында 82 кандидат өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 2017 жылы — 92,1%, 2014 жылы — 82,9%, 2011 жылы — 82,7% болған. Бұл ретте мәслихаттар 12 кандидат ұсыныпты (2017 жылы 7 немесе 7,9%).
Жалпы, ұсынылған кандидаттардың ішінде — коммерциялық құрылымдардың 38 қызметкері, мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 23 қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйымдардың өкілі, 2 жұмыс істемейтін адам бар. Сондай-ақ, қызмет атқарып отырған 4 сенатор өз кандидатураларын ұсынды, — дейді ОСК төрағасы.