22-шілдедегі жағдаймен аумақтық сайлау комиссиялары сенаттағы 16 орын үшін ат ұсынған 78 үміткердің 43-ін тіркеді. 5 адам өз кандидатураларын кері қайтарып алды. Қазіргі жағдаймен сайлау комиссиялары Атырау облысында -3, Жамбыл облысында -4, Қызылорда облысында -4, Маңғыстау облысында — 4, Ақтөбе облысында -4, Батыс Қазақстан облысында — 3, Алматы облысында -2, Шығыс Қазақстан облысында -2, Ақмола облысында -2, Павлодар облысында -2, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Қарағанды облысында -4, Оңтүстік Қазақстан облысында -1 үміткер тіркелді. Алматыда сайлауға үміткер ретінде қатысудан ниет білдірген 12 адамның қазіргі жағдаймен үшеуі өз кандидатураларын кері қайтарып алса, 3 үміткер тіркелді. Астанада ат ұсынған екі үміткер де тіркелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай,пПарламент сенатының қазіргі депутаттары арасынан 13 адам сайлауға қатысуға ниет білдіріп отыр.
ҚР президенті сенат депутаттарының сайлауын 2005-жылдың 19-тамызына белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, үміткерлердің атын ұсыну 18-маусымда басталып, 18-шілдеде аяқталады.
Ал үміткерлерді тіркеу шарасы 29-шілдеде аяқталады. Соған сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары 30-шілдеде басталып, 17-тамыз күнгі түн ортасына дейін жалғасуға тиіс.
Дауыс беру, дауысты санау және дауыс беру қорытындысын жариялау шараларын облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 19-тамыз күні жүзеге асырады. Дауыс беру қорытындысы туралы хаттамалар Орталық сайлау комиссиясына 20-тамыздан кешіктірілмей жеткізілуге тиіс.
Жоспар бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын 25-тамыздан кешіктірмей анықтап, сайлау қорытындысы туралы хабарламаны 28-тамызға дейін БАҚ-тарда жариялауға тиіс.