Сенат депутаты 2004-жылғы республикалық бюджетті бірқатар түзетулермен қабылдауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаты 2004-жылғы республикалық бюджетті бірқатар түзетулермен қабылдауды ұсынды

Сенат депутаты 2004-жылғы республикалық бюджетті бірқатар түзетулермен қабылдауды ұсынды

Сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаев "2004-жылғы республикалық бюджет туралы" заң жобасын "тиісті түзетулерді ескере отырып " қабылдауды ұсынды. Бұл туралы ол бүгін, 25-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысында қойған баяндамасында атап көрсетті.

  • 25 Қараша 2003
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Бірқатар артықшылықтары мен тың жаңалықтар ала келген ілгерілеушіліктеріне қарамастан 2004-жылғы республикалық бюджетте белгілі дәрежеде кемшін тұстар да жоқ емес»,- деп пайымдайды депутат.

Атап айтсақ, сенатордың пікірінше, «Қазақстанның өзара өнім бөлісудегі үлесі мен роялти түсімдерін есептеу әдістемесі ешқандай сын көтермейді». Сондай-ақ, оның пайымдауынша, «үкімет тарапынан кеңінен жарнамаланып, насихатталған «Трансферттік баға белгілеу туралы» заң күні бүгінге дейін дәйекті жұмыс істей алмай отыр». «Спиртті өнімдердің акцизін жергілікті бюджеттерге беру біз күткендей нәтиже бермеді»,- деді депутат. «Қазіргі жағдаймен спиртті өнімдер рыногінің ашықтығын қорғауға бағытталған барлық шаралар оң нәтижесін бермегендіктен, оны түбегейлі қайта қарау талабы туындап отыр»,- деді ол. Сондай-ақ, М.Өтебаевтың пікірінше, «атқарушы билік даму бюджеттерін қалыптастыру мәселесі бойынша біртұтас әдістеме таба алмаған». «Күрделі жөндеуге ақша бөлгенде де үкімет бұрынғы әдеттен айнымай, «көңіл қалмас, көйлек жыртылмас» дегендей әркімді де шала-шарпы жарылқайтын ескілікті принциптен ауытқи алмай отыр»,- деп тұжырымдайды депутат.
Сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы сондай-ақ, «әлеуметтік саладағы бірқатар тауқыметтерді шешуге бюджеттің құзыретін жетіп тұрғанына қарамастан бұл саладағы проблемалар әлі де арылмай отыр»,- деп мәлімдеді. Атап айтсақ, депутаттың мәліметіне сәйкес, «даму мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасына дейінгі балалардың 80 проценті толыққанды психикалық және ағзалық даму мүмкіндіктерінен айрылған». М.Өтебаевтың пайымдауынша, «оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік берешек мәселесі әлі күнге дейін өзекті проблемалар қатарында қалып келеді».
Осыдан кейін парламент палаталарының бірлескен отырысы 16 сағатқа дейін үзіліс жариялады. Үзілістен кейін 2004-жылғы бюджет жобасын талқылау одан әрі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар