Сенат депутаты Ә.Ахметов БҰҰ Адам құқы жөніндегі кеңесінің 17-сессиясы аясында Женевада болған пікірсайысқа қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаты Ә.Ахметов БҰҰ Адам құқы жөніндегі кеңесінің 17-сессиясы аясында Женевада болған пікірсайысқа қатысты

Сенат депутаты Ә.Ахметов БҰҰ Адам құқы жөніндегі кеңесінің 17-сессиясы аясында Женевада болған пікірсайысқа қатысты

БҰҰ Адам құқы жөніндегі кеңесінің 17-сессиясы аясында Женевада болған пікірсайыста діни бостандықты ілгерілету, конфессияаралық толерантты қатар өмір сүру мәселелері басты тақырып болды.

  • 17 Маусым 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

Пікірсайысқа ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзімділік пен кемсітпеу мәселелеріне қатысты жеке өкілі, Парламент Сенатының депутаты Ә.Ахметов қатысып, сөз сөйледі.

Халықаралық қоғамдастықтың діни және ұлттық ерекшелігі бойынша төзбеушілік пен кемсітушілікпен күресте өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өте келіп, Ә.Ахметов қоғамдағы түрлі топтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және қолдану мәселелеріне тоқталды.

Сенатор айтқандай, былтыр Астанада өткен толеранттықты ілгерілету мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ-ның Конференциясында төзімділік, кемсітпеу мәселелері мен мәдениетаралық үнқатысуды ілгерілетуде заңнамалардың, құқық қорғау органдарының, ұлттық білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі аталып өтілді.

Ә.Ахметов діндерді, мәдениеттер мен халықтарды алшақтатпай, біріктіретін ортақ құндылықтарды уағыздаған понтифик ІІ Иоанн Павелдің шақыруларына пікірсайысқа қатысушылар назарын аударды.

Соңғы жаңалықтар