Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстанда Диснейленд салуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстанда Диснейленд салуды ұсынды

Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстанда Диснейленд салуды ұсынды

Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстанда Диснейленд салуды ұсынды.

  • 29 Қараша 2012
  • 360
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр Серік Ахметовке жолдаған депутаттық сауалында ол: «Қазір 2017 жылы ЕХРО көрмесінің Астанада өтетіні белгілі болды. Мемлекет басшысы туристерді қосқанда бес миллионға жуық шетелдік келетінін тағы бір рет атап өтті. Қазір ЕХРО өткеннен кейін не болмақ деген мәселе талқыланып жатыр. Мен (…) ата-аналар мен балаларға арнап Диснейленд сияқты халықаралық деңгейдегі қалашық салуды ұсынамын», — деп жазады.

«Меніңше, бұл талқылауға тұрарлық мәселе. АҚШ, Жапония мен Францияда Диснейленд бар. Еуропаның адамдары балаларымен бірге Парижге арнайы барады. Бізде Шығыс еуропада, ТМД елдерінде, Орталық Азия аймағында мұндай атымен жоқ. Біз осындай қалашық салсақ, ТМД елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халқын тарту мүмкіндігіне ие боламыз», — деді сенатор.