Сенаттың түзетулері редакциялық және нақтылау сипатында және ол заң нормаларын қолданыстағы заңнамамен және заңгерлік техника талаптарымен сәйкестендіруге бағытталған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы алғанда заң жобасы қоршаған ортаны ластау салдарынан сақтандырылған заңды және жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына, үшінші бір жақтың дүние-мүлкіне және қоршаған ортаға зиян келген жағдайда туындайтын барлық қарым-қатынастар кешенін реттейді.
Заң жобасында жеке кәсіпкерлер үшін 5 мың еселенген айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғалар үшін 65 мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру сомасы белгіленді. Ең жоғарғы сақтандыру сыйақысы сақтандыру сомасының 0,76-2,65 процентін құрайды.