Заң жобасын палата отырысында таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Баймағамбетовтың түсініктемесіне жүгінсек, «бұл заң жобасы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік ұйымдардың бөлімшелерінің іс -қызметін экстремистік іс-қызметке жатқызу тәртібін айқындайды. Мұндай құқық Астана қалалық сотына берілді». «Қандайбір шетелдік ұйымды экстремистік ұйым деп тану жөнінде Астана қалалық сотына шағым түсіру құзыретіне прокуратура органдары ие»,- деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, дүниежүзінде барлығы 500-ден астам экстремистік ұйым жұмыс істейді. «Қазақстанда мұндай тізім жоқ. Өйткені, ұйымды экстремистік ұйым деп тану жөніндегі процедуралар күні бүгінге дейін айқындалған жоқ болатын»,- деді С.Баймағамбетов.
«Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы» заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.