Сенат еліміздің салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат еліміздің салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат еліміздің салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 26-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Кейбір заңнамалық актілерге салық салу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қараша 2004
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы негізгі қорды жаңалауға ынталандыру арқылы амортизациялық саясатты жетілдіруге, еліміз экономикасының шикізаттан өзге секторларының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қосалқы құны жоғары өндірістерді дамытуға ынталандыруға, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандартқа тездетіп көшуін ынталандыруға бағытталады.

Заң жобасында ел экономикасының басымдық берілген салаларында жаңа өндірістер ашу жөніндегі инвестициялық жобалар аясында ғана жұмыс істейтін жаңадан тіркелген салық төлеушілерді корпоративтік кіріс салығынан босату ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, қосалқы құны жоғары өнім өндіретін және халықаралық сапа стандарттары талабына сәйкес менеджмент жүйесін енгізген ұйымдардың корпоративтік кіріс салығын жеңілдетілген тәртіппен есептеу межеленген. Бұған қоса тозығы жеткен негізгі қорды жаңалауға ынталандыру үшін негізгі қорды жөндеуге жұмсалған шығындарды жиынтық кірістен алып тасталатын шығынға қосу және амортизациялық қаржыны есептеудің жетілдірілген әдістемесін енгізу ұсынылып отыр.
Заң жобасының жаңа амортизациялық саясатқа қатысты нормалары 2006-жылы қолданысқа енгізіледі.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.

Перейти к новостям спорта