Сенат "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат  "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 20-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске кері қайтарды , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қараша 2006
  • 659
Фото - Caravan.kz

Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, сенат тарапынан енгізілген түзетулермен «қолдан жасалған тұз» деген негізгі ұғымның жаңа редакциясы беріліп, үкіметтің азық-түлікте қолданылатын тұзды йодпен байытуға қойылатын бақылау функциясы нақтыланып бекітілген. Сонымен бірге уәкілетті органның йодталмаған азықтық тұз өндіру, елге енгізу және сатуға шектеу қою тәртіптерін айқындау құзыреті бекітілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, түзетулер жекелеген азық-түлік өнімдерінің түрлерін өндіруде технологиялық мақсатта құрамына йод қосылмаған тұзды пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ, құрамында йоды бар тұзды пайдалануға медициналық және басқа да себептермен тыйым салынған адамдарға Қазақстан Республикасы аумағында құрамында йоды жоқ тұз өндіру мен сатуға қажетті құқықтық базаны қамтамасыз етеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта