Сенат Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі үш жақты келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат  Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі үш жақты келісімді бекітті

Сенат Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі үш жақты келісімді бекітті

Бүгін, 20-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 20 Қараша 2003
  • 792
Фото - Caravan.kz

«Каспий теңізінің табанын бөлісу жөніндегі екі жақты келісімдерді үш мемлекет те бекітіп, олар күшіне енгендіктен келісім тек техникалық сипатта болмақ»,- деді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов.

Құжатқа сәйкес, Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін мемлекеттік шекара сызығының түйіліс нүктесінің географиялық координаттары 42°336 -тық солтүстік ендік, 49°533-тық шығыс бойлық сызық арқылы өтетін болды.
Қ.Әбусейітовтың хабарлауынша, Каспий теңізі бойынша келіссөздердің кезекті сатысында Қазақстан, Түрікменстан және Әзербайжан арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесі белгіленуі тиіс. Алайда, Қ.Әбусейітовтың айтуынша, әзірге бұл мәселе бойынша Әзербайжан мен Түрікменстан ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Вице-министрдің түсініктемесіне жүгінсек, бұл мемлекеттердің ортақ пәтуаға келе алмауына басты себеп «олардың орта сызықты анықтауда өзгеше әдістемелерді қолдануының салдарынан нәтижесі де басқаша болып шығуына байланысты» болмақ.
Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Соңғы жаңалықтар