Сенат Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену тәртіптері туралы хаттаманы бекітетін заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену тәртіптері туралы хаттаманы бекітетін заңды қабылдады

Сенат Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену тәртіптері туралы хаттаманы бекітетін заңды қабылдады

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену, оларға қосылу және олардан шығу тәртіптері туралы хаттаманы бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 683
Фото - Caravan.kz

«Хаттамаға бірігу Кедендік одақты қалыптастыруды аяқтауға, оларға бірігуге және олардан шығуға бағытталған халықаралық келісім-шарттарының күшіне енуінің біртұтас тәртіптерін белгілеуге септігін тигізеді», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Хаттама Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық келісім-шарттарының күшіне ену тәртіптерін белгілейді, ол үшін одақтың жоғарғы органы — Мемлекетаралық кеңестің шешімі шығарылады.

Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісім-шарттары екі бөлімнен тұрады: «ЕурАзЭҚ аясында жұмыс істейтін халықаралық келісім-шарттары және Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдер».

«Хаттамаға ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа да мемлекеттер біріге алатын ашық хаттама, бірігу үшін бір шарт қойылады : бірігетін мемлекет тізімнің екінші бөліміне енгізілген халықаралық келісім-шарттарының барлығы ол үшін міндетті дегенге келісімін береді», -делінген қорытындыда.

Хаттамаға Душанбеде 2007 жылдың 6 қазанында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар