Сенат кейбір қылмыс түрлерін криминалдық тұрғыдан қарастырмау мәселелері бойынша бірқатар заңдарға енгізілетін өзгерістерге түзету енгізіп мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат кейбір қылмыс түрлерін криминалдық тұрғыдан қарастырмау мәселелері бойынша бірқатар заңдарға енгізілетін өзгерістерге түзету енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат кейбір қылмыс түрлерін криминалдық тұрғыдан қарастырмау мәселелері бойынша бірқатар заңдарға енгізілетін өзгерістерге түзету енгізіп мәжіліске қайтарды

Бүгін, 21-қазанда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне қылмыстық істерді тексеру процедураларын жеңілдету және кейбір қылмыс түрлерін криминалдық тұрғыдан қарастырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаын талқылап, оған өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2004
  • 490
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, депутаттар заң жобасынан «мәміле институты» енгізілуге байланысты тағылған айып көлемімен келісу туралы көрсеткіштерді алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа жетпегендерге жүктелетін жазалар арасынан тұтқындауды алып тастау туралы ұсынысқа байланысты сенаторлар заңда үкім шығарылған сәтте 18 жасқа жетпегендер қамауға алынбайды деп көрсеткен жөн деп санайды.

Сондай-ақ, әкімшілік жаза жүктеу мақсаттарына қайшы келуге байланысты айыппұл төлеу мерзімін кешіктіріп алғаны үшін пеня төлету туралы тәртіпті алып тастауды ұсынуда. Жалпы алғанда сенат түзетулерінің салыстырма кестесі 69 позициядан құралады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы күрделі емес қылмыс түрлерін алдын-ала тергеу және анықтау процедураларын тездетуге және оны жеңілдетуге бағышталған. Сондай-ақ, өзгерістер арқылы ауыр емес жекелеген қылмыс түрлерін декриминализациялауға және бас бостандығынан айырудан өзге жаза түрлерін жүктеуді арттыруға қадам жасалады. Атап айтсақ, ауыр емес кейбір қылмыс түрлерін, соның ішінде жеке тұлғаға бағытталған кейбір қылмыстарды криминалдық тұрғыдан қарастырмау ұсынылып отыр.

Перейти к новостям спорта