Бұл заңда пестицидтер өндіру және оны сату жөніндегі іс-қызметке лицензия беруге қатысты түзетулер қамтылған.
Заңға енгізілген өзгерістер пестицидтер өндіру және оны сатуға қойылатын бақылауды күшейту, препараттардың адамдар денсаулығына нұқсан келтіру мүмкіндігінің қаупін азайту, сондай-ақ, Қазақстан рыногына тыйым салынған және аса қауіпті улы препараттардың еніп кетуіне қосымша тосқауыл қоюға бағытталады.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.