Сенат комитеті еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл туралы келісімді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитеті еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл туралы келісімді талқылады

Сенат комитеті еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл туралы келісімді талқылады

Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, аталған келісімге Кеден одағы Үкіметтерінің басшылары Санкт-Петерборда 2010 жылы қарашада қол қойған болатын. Құжатта үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен түрлері белгіленген. Атап айтқанда, келісімде еңбек ету үшін заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау және есебін алу, заңсыз еңбек көші-қоны арналары мен оған жәрдемдесетін және онымен айналысатын құрылымдар мен ұйымдардың жолын кесу, көшіп-қонушылар көлеміне мониторинг жүргізу, еңбек ету үшін заңсыз көшіп-қонушыларды елден шығару тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағы елдеріне заңсыз кірушілерді шектеу шараларын жүргізу көзделген.

Кеңейтілген отырыста сонымен бірге «Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да талқыланды.

Соңғы жаңалықтар