Сенат комитеті мен ҚР Индустрия және сауда министрлігі бірлесіп кәсіпкерлікке арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитеті мен ҚР Индустрия және сауда министрлігі бірлесіп кәсіпкерлікке арналған  дөңгелек үстел ұйымдастырды

Сенат комитеті мен ҚР Индустрия және сауда министрлігі бірлесіп кәсіпкерлікке арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды

23-қыркүйек, сейсенбіде сенаттың аймақтық даму мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару комитеті мен ҚР индустрия және сауда министрлігі бірлесіп Республикамыздағы кәсіпкерлік мәселесіне арнаған дөңгелек үстел өткізді.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 496
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға сенат депутаттары, бас прокуратура, қаржы министрілігі, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР Агенттігі мен Орта-Азиялық, облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері және еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген бір топ кәсіпкерлер қатысты.

Дөңгелек үстелде еліміздегі жеке бизнесті әрі қарай дамытудың үрдісін заңнамалық тұрғыдан қамту шаралары мен қазіргі жай-күйі сөз болды.
Осы сала туралы ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұлов орташа ауқаттылардың рөлін күшейту — қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың стратегиялық шешімі болып табылатынына тоқтала келіп, бұл мәселені шешу үшін шағын кәсіпкерліктің қарқынды дамуына оңтайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу қажеттігін айтты. Сол себепті, кәсіпкерлерге ақпараттар мен кеңес беру, маман дайындау, шағын фирмаларға берілетін несиені жеңілдету, экспорттық сақтандыру және отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру қажет .
Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық стратегиясын жетілдіруге, оның заңдық негізінің одан әрі өркендеуіне бағытталған ұсыныстарды қабылдады.

Соңғы жаңалықтар