Комитет мүшелері «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы ережені бекіту жөніндегі хаттаманы бекіту туралы» заң жобасын қолдай отырып, қазіргі кезде әлем жұртшылығы алаңдап отырған лаңкестік оқиғалардың алдын-алу туралы өз ойлары ортаға салды. Сенаторлар алдында заң жобасы бойынша сөз алған еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божконың айтуынша, хаттама лаңкестікке қарсы шараларды әзірлеу, жүзеге асыру және аяқтау процесіндегі туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған. Комитет мүшелері хаттаманы бекіту туралы заң жобасын қабылдау қажеттігі туралы қорытынды жасап, оны Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібіне енгізуді ұйғарды.
Комитет отырысында сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісімді бекіту туралы» заң жобасы да қаралды.