Сенат комитеті "Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі" заң жобасын талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитеті "Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі" заң жобасын талқылауда

Сенат комитеті "Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі" заң жобасын талқылауда

25-қыркүйекте өтетін сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі" заң жобасын сарапқа салады. Бұл туралы бүгін, 17-қыркүйекте палатаның әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында сенатор Анатолий Башмаков хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2003
  • 531
Фото - Caravan.kz

Комитеттің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова қазір қолданыста жүрген «Еңбек қорғау туралы» заң 1993-жылы қабылданғандықтан әбден ескіріп, қазіргі заман талабына сай болмай қалғанын, сондай-ақ, ол бұған дейін қабылданған кейбір заң актілеріне қайшы келетінін хабарлады. «Жаңа заң жобасын жасауға түрткі болған басты себептердің бірі осы «,- дейді ол.

Министрдің айтуынша, еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі заң жобасы «еліміздегі еңбек қорғау саласының негізгі құқықтық, әлеуметтік және экономикалық негіздерін айқындап, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын қамтамасыз етуге жағдай жасаумен бірге осы саладағы мемлекеттік саясаттың басты принциптерін белгілейді».
Заң жобасын мәжілісте қарау барысында, Г.Қарағұсованың айтуынша, депутаттар 90 түзету енгізіп, жаңадан 5 бап қосқан. «Біз халық қалаулылары тарапынан енгізілген негізгі түзетулерге қосыламыз»,- деді министр.
Өз кезегінде сенат депутаттары заң жобасының салыстырмалы кестесіне 60-қа жуық түзету енгізді.

Соңғы жаңалықтар