Сенат комитеті заңды тұлғаларды тіркеуді жеңілдетуге бағытталған заң жобасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитеті заңды тұлғаларды тіркеуді жеңілдетуге бағытталған заң жобасын талқылады

Сенат комитеті заңды тұлғаларды тіркеуді жеңілдетуге бағытталған заң жобасын талқылады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

  • 29 Қазан 2012
  • 270
Фото - Caravan.kz

Еске салсақ, Мәжіліс мақұлдаған құжаттың мақсаты заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құруды және олардың қызметін жеңілдету болып табылады. Заң жобасын қабылдау оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптастыратын болады. Бұдан бөлек, құжат елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызуды да көздейді. Осының өзі халықаралық ұйымдар рейтингісінде Қазақстанның позициясын жоғарылатуға сеп болады.

Ал құжаттағы басты жаңалыққа келетін болсақ, онда интернетпен тіркеуді енгізу арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің рұқсат беру тәртібін хабарлама тәртібіне көшіру көзделеді. Куәліктің қағаз түрлері электрондық анықтамаға ауыстырылады. Шаруашылық серіктестіктері жарғыларын ұсынады және заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжатты жою шаралары да көзделеді.

Заң жобасы алдағы уақытта палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар