Сенат комитетінде Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитетінде Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Сенат комитетінде Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Желтоқсан 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

Жобаны талқылау барысында келісімнің 1-бабына сәйкес Қазақстан және Египет жағы мысырлықтар әзірлеген жоспар мен техникалық жоба бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыратыны аталып өтілді.

Жобаны келісімге қатысушылар қаржыландырады. Бұл мақсатқа біздің еліміз 2007-2009 жылдарда 4,5 миллион доллар қарастырады. Келісімнің ережелерімен мешітті жаңғырту жөніндегі қаржыны техникалық және әкімшілік басқару үшін Египет жағының басшылығымен үйлестіру комитетін құру көзделген.

Үйлестіру комитеті әр тараптың мемлекеттік өкілетті органнан екі немесе үш өкілінен құралады және Египет жағымен келісе отырып қаржының қазіргі жағдайы туралы, сондай-ақ келісімге қатысушылардың өкілетті органы үшін жаңғырту жұмыстарының атқарылуы туралы тоқсан сайын есеп әзірлейді.

Құжаттың 9-бабына сәйкес мешітті жаңғырту жұмыстарының орындалуы бас мердігермен жасалған келісімге сәйкес, үйлестіру комитетінің қатысуымен Египет Араб Республикасының ішкі заңдарына сәйкес қабылданады.

Бұл келісімге 2007 жылы 28 қазанда Каир қаласында қол қойылған болатын. Заң жобасын палатаның қарауына ұсыну ұйғарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар