Сенат комитетінде «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитетінде «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралды

Сенат комитетінде «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралды.

  • 14 Маусым 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы көші-қон, сыртқы және ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеу, сырттан көшіп келген қандастарымыз бен олардың отбасыларын, сондай-ақ еліміздің экономикалық тұрғыда артта қалған және экологиялық жайсыз аймақтарында тұратын қазақстандық азаматтарды тиімді орналастыру, жайғасуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау салаларындағы заңнамалық базаны одан әрі жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.

Құжат қолданыстағы заңнамалық актілерді «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен Азаматтық іс-жүргізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек және Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Білім туралы» заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар