Сенат міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+36 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 29-қаңтарда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

Палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, «бұл заң жобасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңның қабылдануына байланысты жасалды. Жаңа заң ҚР Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері мен «ҚР банкроттық туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап еткен болатын».

Атап айтсақ, ҚР Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері мен «ҚР банкроттық туралы» заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдерді аударушыларға айыппұл санкциялары арқылы әкімшілік жауапкершілік жүктеу шараларын белгілейді. Сондай-ақ, төлемшілердің банктегі есепшотынан міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемін аударып алу процедурасы заңдық тұрғыда реттеліп, банкроттық процедурасы барысында әлеуметтік төлемдерді төлеу кезегі айқындалып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдерді аударуда берешек түзілуіне жол бермеу жағы қарастырылды.
Аталмыш заң жобасы сенаттың таяудағы бір отырысында екінші оқылымда қаралады.