Сенат мұнай өнімдерінің бағаларына мемлекеттік реттеу орнататын заң қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат мұнай өнімдерінің бағаларына мемлекеттік реттеу орнататын заң қабылдады

Сенат мұнай өнімдерінің бағаларына мемлекеттік реттеу орнататын заң қабылдады

ҚР Парламентінің сенаты бейсенбі күні пленарлық отырысында «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңды қабылдады.

  • 16 Маусым 2011
  • 916
Фото - Caravan.kz

Палатаның салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, заңның негізгі мақсаты — мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін маңызды әлеуметтік мәні бар мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз ету.

Сондай-ақ құжат өндірушілерді ынталандыруға, өндіріс қуаттарын жетілдіруге мүмкіндік беретін тетіктер жасауға, мұнай өнімдерінің көтерме нарығына ену жөніндегі біліктілік талаптарын бекітуге мүмкіндік береді.

Түзетулермен мұнай өнімдерін жеткізушілерді аккредитациялау процедурасы енгізіледі.

«Аталған ереже нарықтағы бәсекелестікті дамытуға теріс әсер етіп отырған ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді», — деп мәлім етті ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев заңды таныстыру барысында.

Одан басқа, мұнай өнімдерін жанармай құю стансаларынан ғана емес, сонымен қатар, мұнай өнімдері базасынан, сондай-ақ сұйық сақтау қоймаларынан да бөлшек сауда жасауға мүмкіндік беретін жаңа норма енгізілді.

«Ол дегеніңіз ірі өндірістік кәсіпорындар мен тұтынушылар тікелей мұнай өнімдері базасынан өз мұқтаждықтарына отын ала алады деген сөз», — деді МГМ басшысы.

Министрдің айтуынша, құжатта мұнай өнімдерінің көтерме саудасымен айналысатындар басқа көтерме саудасымен айналысатындарға мұнай өнімдерін1-ақ рет сата алатыны туралы түзетулер бар.

Депутаттар мұнай өнімдерінің көтерме саудасымен айналысуға құқығы бар субъектілерді нақтылайтын нормалар енгізді.

Мұнай өнімдерінің бөлшек саудасындағы бағасын мемлекеттік реттеу тетігін әзірлеу аясында «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» заңға түзетулер енгізіліп, сенат депутаттары оны да мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар