2002 жылғы ақпанның 28-інде Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымына мүше-елдердің мемлекет басшыларының Алматы саммитінде қол қойылған келісім Ұйымның міндеті мен мақсаттарын, «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымының органдарын, ұйым шеңберінде шешім қабылдау және оны жүзеге асыру тәртіптерін анықтайды.
«Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымын құру туралы Келісімде «саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық,табиғат қорғау және мәдени-гуманитарлық қатынастар саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, қауіпсіздік пен аймақтағы тұрақтылықты нығайту, «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымына мүше елдердің аумақтық біртұтастығына, тәуелсіздігі мен егемендігіне төнген қауіп-қатердің алдын алу мәселесі бойынша өзара қолдау көрсету де назардан тыс қалмады,- деді палатаның жалпы отырысында ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов. Келісім аймақтық және трансұлттық қылмыстармен, соның ішінде заңсыз есірткі айналымымен, заңсыз көші-қон және лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықты да үйлестіреді.
Ратификация туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.