Жарияланды: 850

Сенат өсімдік шаруашылығы саласындағы сақтандыру құпиясы жөніндегі мәселелер бойынша Азаматтық Кодекске енгізілетін толықтыруларды алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 22-қаңтарда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары өсімдік шаруашылығы саласындағы сақтандыру құпиясы жөніндегі мәселелер бойынша Азаматтық Кодекске енгізілетін толықтыруларды алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Өсімдік шаруашылығы саласындағы міндетті сақтандыру туралы " заң жобасы бойынша мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен өсімдік шаруашылығы саласындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысын басқарушы заңды тұлға-агент құрылмақшы,- деді заң жобасына қатысты өз түсініктемесінде ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Лилия Мусина. "Сақтандыру жөніндегі келісім-шартының талаптарын білмейінше агент жұмыс істей алмайды",- деді ол. Осыған байланысты ҚР Азаматтық Кодексіне толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасында міндетті сақтандыру жөніндегі заң талаптарына сәйкес сақтандыру құпиясы бар мәліметтерді басқаларға беру қарастырылған. Вице-министрдің айтуынша, үкіметтің бұл агентіне сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Өсімдік шаруашылығы саласындағы сақтандыру құпиясы жөніндегі мәселелер бойынша Азаматтық Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы "Өсімдік шаруашылығы саласындағы міндетті сақтандыру туралы " заң жобасымен бірге 29-қаңтарға белгіленген сенаттың жалпы отырысында екінші оқылымда қаралады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін