Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен палатаның Бюро отырысы болды. Бюрода 2012 жылғы 15 қарашада болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 13 Қараша 2012
  • 371
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, палатаның жаңадан тағайындалған депутаттар Владимир Бобров пен Серік Нөгербековті Парламент Сенатының тұрақты комитеттерінің құрамына сайлау мәселелерін қарау жоспарланып отыр. Отырыста депутаттарды халықаралық парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы Сенат қаулысына енгізілетін толықтырулар талқыланады.

Одан басқа, еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарау көзделген.

Соңғы жаңалықтар