Сенат "Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлық туралы" заңның жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат "Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлық туралы" заңның жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат "Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлық туралы" заңның жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Бүгін, 27-қаңтарда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлық туралы" заңның жобасын қарап, оған өз түзетулерін енгізіп мәжіліске кері қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қаңтар 2005
  • 585
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, сенат депутаттары құжатты «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңға сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізді. Сонымен бірге түзетулер қан жинау қызметтерін жүзеге асырушы ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан донор қаны мен оның құрамды бөлшектерін дайындау, сақтау және пайдалану шарттары бұзылған жағдайда жауапкершілік жүктеуді қарастырады. Сондай-ақ, сенаторлар донор қаны мен оның құрамды бөлшектерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуді көздейтін қосымша бап енгізуді ұсынып отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлықты жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін қалауға бағытталған. Заң жобасында азаматтардың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жүктейтін жауапкершілік пен донорларды материалдық тұрғыда ынталандыру жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ құжат мемлекеттік мекемелердің донорлық саласындағы құзыретін айқындайды.

Перейти к новостям спорта