Сенат Қарағанды облысындағы шөлейт жерлерді басқару жобасы бойынша гранттық келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Қарағанды облысындағы шөлейт жерлерді басқару жобасы бойынша гранттық келісімді бекітті

Сенат Қарағанды облысындағы шөлейт жерлерді басқару жобасы бойынша гранттық келісімді бекітті

Бүгін, 25-желтоқсанда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы агенттігі болып табылатын Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі мен Қазақстан арасындағы Қарағанды облысындағы шөлейт жерлерді басқару жобасы бойынша сенім қорының гранттық келісімін бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Жобада ауылшаруашылығы мен егіншілікке, сондай-ақ, арзан бағамен бір және көпжылғы шөптер өсіруге мүмкіндік беретін түрлі әдістерді қолданысқа енгізуге арналған ақыл-кеңестер беру қарастырылған»,- деді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова.

Оның айтуынша, жоба Қарағанды облысының Шет ауданында жүзеге асырылады. Гранттық келісімге сәйкес, Ғаламдық экологиялық қор Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі арқылы 2003-жылдан 2008-жылдар аралығында жобаның негізгі сатысын жүзеге асыруға арнап 5 млн. 270 мың доллар бөледі. Жобаның жалпы құны 9,7 млн. долларды құрайды, оның 2,4 млн. долларын ҚР үкіметі шығаруы тиіс. ҚР үкіметі бөлген қаржы салыққа арналып, бюджетке қайтадан кері оралады,- деді министр.
Келісімді бекіту туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар