Жарияланды: 330

Сенат қаржылық қадағалауды жетілдіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік қаржылық қадағалауын жетілдіру мәселесі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі мәлімдеді.

Заң жобасына сәйкес облыстардың, республикалық тұрғыдағы қалалар мәслихаттарының ревизиялық комиссиясын құру реттеледі. Олар өз құзыреттігі шеңберінде жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық қадағалауды жүргізетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаттарына бағыныңқы болады. Мемлекеттік құрылым қызметі жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады және қосымша қаржы шығынын қажет етпейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін