Сенат қаржылық рынокты реттеу жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат қаржылық рынокты реттеу жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда қабылдады

Сенат қаржылық рынокты реттеу жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда қабылдады

Бүгін, 2-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қаржы рыногын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, енгізілген өзгерістер арқылы сақтық қорының мөлшерін 20 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген. Ұлттық банк 20 млрд. теңгеге дейін сақтық қорын құру үшін банктің бір жылда тапқан таратылмаған кірістерін арнауды ұсынады. Сақтық қоры толық құрылғаннан кейін қалған Ұлттық банктің таза кірісін республикалық бюджетке аудару ұсынылып отыр.

Ал шығындардың көлемі сақтық қор мөлшерінен артып кеткен жағдайда орны толтырылмаған шығынды республикалық бюджет есебінен өтеу қарастырылды. Бюджетке жасалатын аударымдар мен шығындарды бюджет есебінен өтеуді Ұлттық банк бір жылдан кейін жүзеге асыруды ұсынады. Өйткені, банктің жұмыс қорытындысы республикалық бюджет қалыптасып, бекітіліп қойғаннан кейін, жылдың екінші тоқсанында бекітіледі.
Сонымен бірге түзетулерде банктердің резервтік талаптарға бағыну жағдайын қадағалау құқығын ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен алып Ұлттық банкке беру ұсынылған.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін сенаттың салалық комитетіне жіберілді.

Перейти к новостям спорта