Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы телекоммуникацияның әмбебап қызметін субсидиялау үшін ұялы байланыс операторларының бюджетке міндетті төлем төлеуші ретінде ынтымақтаса қатысуын көздейді.

Сондай-ақ, заң жобасы мемлекеттік тілдің қызмет ету саласының кеңеюі мен оның байланыс саласындағы пайдаланылуын мақсат тұтады. Мәселен, ұялы байланыс операторларын ақпараттық қысқа мәтіндік хабарламаларды (SMS) мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етуге міндеттеу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар