Сенат депутаты Владимир Алесиннің палата отырысында атап көрсеткеніндей, түзетулер нақтылау және редакциялық сипатта болумен бірге заң жобасын ел заңнамаларына сәйкестендіруге бағытталған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, , аталмыш заң жобасының мақсаты қазіргі заман талабына жауап беретін халықаралық келісімдерге қол қою, атқару және денонсациялауды айқындайтын бірқатар нормаларды жаңалау, бұған дейін реттелмей келген немесе екіұшты түсіндіріліп келген халықаралық келісімдерге қол қою процедураларын регламенттейтін жаңа тәртіптер енгізу болып табылады.