Сенат Қазақстанды халықаралық "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізі туралы келісімге біріктіру жөніндегі заң жобасын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Қазақстанды халықаралық  "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізі туралы келісімге біріктіру жөніндегі заң жобасын бекітті

Сенат Қазақстанды халықаралық "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізі туралы келісімге біріктіру жөніндегі заң жобасын бекітті

Бүгін, 26-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстанды халықаралық "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізі туралы келісімге біріктіру жөніндегі заң жобасын бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 26 Маусым 2003
  • 393
Фото - Caravan.kz

Келісім қатысушы-мемлекеттердің аумағы арқылы сан алуан көлік түрімен халықаралық және транзитті жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыруды реттеп, транзиттік тасымал мерзімін қысқартуға, олардың құнын арзандатуға, құжаттарды рәсімдеу мен әкімшілік процедураларды жеңілдетуге және унификациялауға септігін тигізбек.

Транзитті жүк ағынын Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Парсы шығанағы елдерінен Иран, Каспий және Ресей арқылы Шығыс және батыс Еуропа елдеріне жеткізуді (соның арқасында қазір Суэц каналы арқылы өтетін бағытты қысқартуға жағдай жасалады) әрі жеңілдетіп, әрі жеделдетіп беретіндіктен халықаралық «Солтүстік-оңтүстік» көлік дәлізін пайдалану Қазақстан экономикасына оң ықпалын тигізеді деп күтілуде.
Халықаралық «Солтүстік-оңтүстік» көлік дәлізі туралы келісімге Ресей Федерациясы, Үндістан, Оман сұлтандығы және Иран мемлекеттері 2000-жылдың 12-қыркүйегінде Санкт-Петербургте қол қойған. Келісім, оған қол қойған мемлекеттер үшін, 2002-жылдың 21-мамырында күшіне енді.
Заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.