Құжатқа сәйкес, Халықаралық Қайта Құру және даму банкі Жапония үкіметі арқылы Қазақстанға ормандарды сақтау және республика аумағындағы орманды алқаптарды арттыруға бағытталған жоба дайындауға 410,6 мың доллар көлемінде грант бөлмекші. Сондай-ақ, 2004-жылға арналған республикалық бюджетте аталмыш жобаны қаржыландыру ауыртпалығын бөлісу үшін қосалқы құн салығы төлеміне арнап 9,458 млн. теңге қарастырылған. 20 жылға есептелген жобаның жалпы құны 35-40 млн. долларға бағаланып отыр.
Келісімді бекіту туралы заң мелмекет басшысының қол қоюына жіберілді.