Сенат қоршаған ортаны қорғау саласындағы кейбір заңнамалық актілерге түзету енгізетін заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат қоршаған ортаны қорғау саласындағы кейбір заңнамалық актілерге түзету енгізетін заңды қабылдады

Сенат қоршаған ортаны қорғау саласындағы кейбір заңнамалық актілерге түзету енгізетін заңды қабылдады

Бүгін, 13-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары қоршаған ортаны қорғау және төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізетін заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 13 Мамыр 2004
  • 517
Фото - Caravan.kz

Қабылданған заңға сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы мекемелердің іс-қызметін жалпы үйлестіру міндетін қоршаған ортаны қорғау министрлігі атқарады делінген. Сондай-ақ, заң жобасында Елбасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары жөніндегі» 2002-жылғы 28-тамыздағы Жарлығын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы мекеменің құзырет аясы мен төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланған.

Палата отырысында осы мәселе бойынша баяндама жасаған ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Асқар Мырзахметовтың түсініктемесіне жүгінсек, бұл заңды қабылдау қоршаған ортаны қорғау және төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіруге қажетті құқықтық негіз қалауға мүмкіндік береді. Заң жобасын жүзеге асыру қосымша қаржыландыруды талап етпейді, деді вице-министр.
Заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар