Сенат қоршаған ортаны қорғау туралы заңға өндіріс қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша енгізілетін өзгерістерге өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат қоршаған ортаны қорғау туралы заңға өндіріс қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша енгізілетін өзгерістерге өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат қоршаған ортаны қорғау туралы заңға өндіріс қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша енгізілетін өзгерістерге өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Бүгін, 21-қазанда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңға өндіріс және тұтыным қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарап, оған өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2004
  • 712
Фото - Caravan.kz

Сенаттың аймақтық даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, сенаторлар енгізген түзетулер «қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қорлардың іс-қызметін реттеу саласы бойынша ҚР Бюджеттік кодексімен арадағы қайшылықты жоюға» бағытталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты осы саладағы мемлекеттік мекемелердің міндеттерін реттеу және қалдықтармен қарым-қатынас саласына норма жүйесін енгізу болып табылады. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңға енгізілетін өзгерістер заңды және жеке тұлғалардың қалдықтармен қарым-қатынасқа бағытталған іс-қызметтерін реттеуге, қалдықтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін жоюға және оның алдын алуға қажетті құқықтық алғышарттарды қалыптастыруға жағдай жасайды деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта