Заң жобасы ҚР Азаматтық Кодексін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң акциялардың бақылау пакеті мемлекет иелігіндегі акционерлік қоғамдар мен олармен аффилиирлік байланыстағы заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейді. «ҚР Азаматтық Кодексіне өзгертулер енгізу арқылы біз Мемлекеттік сатып алу туралы заңның ролін арттыра түстік»,- дейді ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары Ғасал Мусин.
Заң жобасы оны екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың жұмыс тобына жіберілді.
ҚР заңдарына сәйкес, барлық Кодекстік заңдарға енгізілетін өзгертулер кем дегенде екі оқылымда қабылдануы тиіс.