Сенат "ҚР Экспорттық бақылау туралы" заңына енгізілген өзгертулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат "ҚР Экспорттық бақылау туралы" заңына енгізілген өзгертулерді қабылдады

Сенат "ҚР Экспорттық бақылау туралы" заңына енгізілген өзгертулерді қабылдады

Бүгін, 18-қыркүйекте өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР Экспорттық бақылау туралы" заңына енгізілген өзгертулерді қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 18 Қыркүйек 2003
  • 371
Фото - Caravan.kz

Осы мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұловтың түсініктемесіне жүгінсек, «»ҚР Экспорттық бақылау туралы» заңының 5-бабына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімдерді экспорттау, импорттау және транзиттік тасымалдауға үкімет рұқсат береді». Соған қарамастан таңы да осы заңға сәйкес, «экспорттық бақылауға жататын өнімдерді экспорттау және импорттау үшін экспорттық бақылауға құзырлы орган лицензия береді «,- деп көрсетілген. «Мұндай жағдайда аталған тауар түрлерінің экспорты мен импортын жүзеге асырушыға бұл үшін үкіметтен рұқсат алумен бірге бұған қосымша құзырлы органнан лицензия алуға тура келмек. Соның салдарынан аталмыш қызмет түрін лицензиялаудың мән-маңызы жойылады»,- дейді вице-министр.

«Мұндай жағдайда бір функцияны екі мәрте қайталау орын алып отыр»,- деп атап көрсетті ол. Осыған байланысты лицензия беру мерзімін қысқарту үшін «экспорттық бақылауға жататын өнімдерді экспорттау, импорттау және транзиттік «,- дейді ол.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар