Сенат «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» жаңа Заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» жаңа Заңды қабылдады

Сенат «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» жаңа Заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» жаңа Заң қабылданды.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 590
Фото - Caravan.kz

Тоқтала кететін жәйт, бүгінгі таңда Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қатынастар 1993 жылы қабылданған заңмен реттеліп келеді. Алайда, өткен 20 жыл ішінде еліміздің сыртқы саяси-экономикалық жағдайы өзгерді, ұлттық қауіпсіздікке жаңа қатерлер төніп, бұрынғылары ушыға түсті, көші-қон үдерісі белең ала бастады. Сондай-ақ, Қазақстан аумағы арқылы Еуропа-Қытай, Ресей-Орталық Азия бағыттарындағы тасымалдар да арта түсті, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы да жұмыс істей бастады. Осыған байланысты 20 жыл бұрын қабылданған заң бүгінгі күннің талабына сай келмейді. Оның кейбір ережелерінде нақты бағыттар қамтылмаған. Осы мәселені ескере келе, ҰҚК шекара қызметі жаңа заң жобасын әзірлеген. Заң жобасында Қазақстанның шекаралық кеңістігіндегі қолданылатын бірқатар режімдердің мағынасы мен мазмұны ашылады. Бұдан бөлек, құжатта Мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу рәсімі енгізіледі. Мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті атқару органдарының құзіреті жан-жақты айқындалып, аражігі ажыратылады.

Сонымен қатар, заң жобасында Қазақстан азаматтарының Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысу тәртібі нақтыланып, олардың құқықтары мен міндеттері реттеледі. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қару-жарақты және әскери техниканы, арнаулы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолданудың шарттары мен шектері белгіленеді.

Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.