Сенат ҚР Жоғарғы сотының судьяларын қызметтен босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат ҚР Жоғарғы сотының судьяларын қызметтен босатты

Сенат ҚР Жоғарғы сотының судьяларын қызметтен босатты

Бүгін, 10-желтоқсанда парламент сенатының отырысында ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьяларын қызметтен босату, бірқатар судьяларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары қызметіне сайлау туралы мәселе қаралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

ҚР Ата заңына сәйкес, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы, алқа төрағалары мен Жоғарғы соттың судьяларын республиканың жоғарғы сот кеңесінің нұсқауына сәйкес Елбасының таныстыруы бойынша сенат сайлайды.

Палатаның шешімімен М.Ф.Бабушкин, , Қ.Баталов, В.Бурляева, К.Жалмұханбетов, С.Дулатбеков, В.Ким, Ю.Пономаренко, Т.Тоғымбетовалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары қызметінен босатылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Жоғарғы сот кеңесі бірқатар судьялардың зейнет демалысына шығатын жасқа жетуіне байланысты қызметінен шығару туралы ұсыныс жасаған.
Сенат отырысында сондай-ақ С.Абдуллаев, В.Борисов, А.Жайылғанова, А.Қасымов, А.Рахметулин, А.Секішевтерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары қызметіне сайлау туралы мәселе қаралып мақұлданды.
Сенаторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларынан ант қабылдады.

Перейти к новостям спорта