Жарияланды: 460

Сенат сайлауына кандидаттарды ұсыну 16 маусымда басталады

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 2011 жылғы 19 тамызға белгіленген ҚР парламенті сенаты депутаттарының сайлауына дайындалу және оны өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

«Бұл жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 2011 жылдың 16-19 маусымы аралығында, кандидаттарды тіркеу 29 шілдесіне дейін, ал сайлау алды үгіт 30 шілдеден 17 тамыз сағат 24-ке дейін жүргізіледі», -деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі. Дауыс беруді, дауыстарды санауды және дауыс беру нәтижелерін жария етуді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары бір күннің ішінде – 19 тамызда жүргізеді. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың түпкілікті нәтижелерін 2011 жылғы 25 тамыздан кешіктірмей анықтауға тиіс. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған немесе қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады. «Парламент сенатына депутаттыққа кандидат ретінде тіркелу үшін облыстың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарының депутаттарының жалпы санының кем дегенже 10% -ының қолдауын табу қажет», - делінген ақпаратта. Баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, кандидат әрбір мәслихаттың депутаттарының 25%аспайтын дауысын алуға тиiс. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесінде жиналған қолдардың 1%-дан астамы рас болмай шықса, сенат депутаттығына кандидатты тіркеуден бас тартылады. Парламент сенаты депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге 2011 жылы республикалық бюджеттен барлығы 142 миллион теңге бөлінді. «Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерiлгеннен кейiн сайлау жарнасын енгiзедi. Биылғы жылы оның сомасы 239 мың 985 теңге», - деп хабарлайды ОСК. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл. Олардың жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. «2005 жылғы 19 тамызда сайланған сенат депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі 2011 жылғы 30 қарашада аяқталады. Сондықтан, ағымдағы жылғдың 19 тамызында республиканың 16 өңірінде жоғарғы заң шығарушы органның жоғарғы палатасына бір депутаттан сайлау өткізілетін болады», - делінген ОСК ақпаратында. ҚР президентінің сенаты депутаттарының кезекті сайлауын өткізу туралы жарлығы 15 маусымда жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін